Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Мәжіліс мынадай өзгертулерді мақұлдады:
- Еліміздегі ірі қалалар мен облыс орталықтарынан бейбіт жиын, митинг өткізуге болатын мамандандырылған орынды анықтау;
- Тіршілік нысандарының, көліктің және басқа инфрақұрылым жұмысының бұзылуы, азаматтардың еркін қозғалысына кедергі болуы сияқты себептер үшін бейбіт жиыннан бас тартпау. Өйткені мұндай араласуды билік арнайы мамандандырылған орын дайындағанда ескеруі керек;
Митингіні жеке қатысушыларының заңға қайшы әрекеттеріне байланысты тоқтатуды болдырмау керек. Мұндай жағдайлар бола қалса, жалпы бейбіт жиналыс кезінде адамға жеке басын қорғауға мүмкіндік беру керек, — деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.
Қанат Мусиннің айтуынша, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұны өзгермейді және ол жекелеген заң нормаларын жетілдіруге бағытталған.
Айта кетейік, 14 мамырда Сенат депутаттары Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қатысты заң жобасына бірнеше өзгеріс енгізуді ұсынған еді.