АҚШ президентінің сайлауында Дональд Трамп алда келеді

Дональд Трамп — Оклахома, Индиана, Кентукки, Теннеси, Алабама, Оңтүстік Каролина, Батыс Вирджиния штаттарында, ал Хиллари Клинтон — Вермонт, Мэриленд, Дэлавер, Массачусетс, Нью-Джерси, Род-Айленд штаттарында және Колумбия округінде озып шыққан.

Бірақ Трамп жеңген штаттар шешуші емес екенін айтқан сарапшылар сайлаушылары мен сайлаушылар алқасы мүшесі көп штаттарда берілген дауыс нәтижесін күту керек.

Америкалықтар әр штаттың халқының санына байланысты құрылған сайлаушылар алқасы арқылы дауыс береді. Үміткер президент болу үшін сайлаушылар алқасындағы 538 дауыстың кемінде 270-ін алуы керек.

Айта кетейік, сайлаудың екінші кезеңі желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі  бірінші дүйсенбісінде сайлаушылар алқасының жиналуымен болады. Дауыс беру нәтижелері туралы сертификаттар содан кейін Конгресске жіберіледі. Қаңтарда екі палата да жиналады,  олар сайлаушылар дауыстарын санайды және АҚШ президентіне сайлаудың ресми қорытындысын жариялайды.