Қорқыт ата атындағы ҚМУ үздік 10 университет құрамына енді

Университеттің бірінші проректоры Абайбек Жүнісовтің айтуынша, еліміздің 89 ЖОО қатысқан бас рейтингісінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 9-орынды иеленуі — нәтижелі еңбек пен сапалы білімнің нәтижесі.

Бітіруші түлектердің еңбекпен қамтылуының жоғарғы деңгейі, халықаралық танымалдығы және оқытушы-профессор құрамының ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижелілігі университетке еліміздің үздік ЖОО-ның қатарынан табылуына мүмкіндік берді. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мамандар даярлау деңгейі мен бағытына сәйкес үздік үштікке 13 білім беру бағдарламалары, оның ішінде бакалавриат — 5, магистратура — 4, PhD докторантура — 4 енді, — дейді университеттің бірінші проректоры Абайбек Жүнісов.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ бакалавриаттың 80, магистратураның 35 және докторантураның 13 білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлап келеді. Рейтингтегі университеттің орнықты тұғыры институцонал және бағдарламалық аккредиттеу, адам ресурстарын дамыту деңгейі, жоғары білімді интернационалдандыру, ғылыми зерттеулердің даму деңгейі, бітіруші түлектердің еңбекпен қамтылуы және еңбек нарығында сұранысқа ие болуы негізіндегі крийтерийлер бойынша қалыптасты.

Абайбек Жүнісов
Фото жеке архивтен

«2018-2019 оқу жылы ЖОО-нын 544 түлек бітірсе, оның 272-сі тұрақты жұмысқа орналасып, 51-і магистратураға түсті. Әскер қатарында — 10, бала күтімі демалысында 28 түлек, жалпы бұл көрсеткіш университет бойынша 66,2% көрсетіп отыр. Үздіксіз және қашықтан оқыту институтымен қоса есептегенде 999 түлек, оның 573-і жұмыспен қамтылып, 51 түлек магистратураға түсті. 51-і әскер қатарында, 44-і бала күту демалысында. Жалпы 71,9% көрсетті», — деді Абайбек Жүнісов.