Пациенттердің емі толық аяқталған соң екі рет қайталама зертхана талдамасы алынды. Талдама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни пациенттердің COVID-19 вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне қайтарылды.
Індетті жеңген емделушілердің екеуі — Қызылорданың, екеуі — Шиелі ауданының, екеуі — Сырдария ауданының, біреуі — Жаңақорған ауданының, біреуі — Қазалы ауданының тұрғыны.
Олар алдағы уақытта 14 күн бойы аймақ дәрігерлерінің бақылауында болады.
Қазіргі уақытта аймақта коронавирус инфекциясының 209 дерегі тіркеліп отыр. Қызылордада — 73 жағдай, Жаңақорған ауданы — 30, Арал ауданы — 6, Сырдария ауданы — 26, Қармақшы ауданы — 5, Шиелі ауданы — 66, Қазалы ауданы — 3.
