«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға қанша қаражат қажет?

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері 2016 жылы 1 стипендиаттың шетелдік оқу орындарда магистратура бағдарламасында оқуына келесідей ақша төлеуі тиіс екендігін хабарлады:

Қытайда — 1 640 000 теңге;

Ресейде — 1 642 000 теңге;

Канадада — 5 716 000 теңге;

Ұлыбританияда — 8 500 000 теңге;

АҚШ-та — 16 471 000 теңге.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыру барысында бағдарлама бойынша 8 916 түлек оқыды, олардың ішінле 654-і конкурс іріктеуінен өтті және «Мемлекеттік қызметкер» категориясы бойынша оқыды. Олардың басым бөлігі АҚШ-та оқыған.

«Стипендиаттардың шетелдегі академиялық оқуына жұмсалатын шығыны ЖОО-ның рейтингіне, оқу мамандығына, оқу бағдарламасына және алатын дәрежеге (стипендиат оқып жатқан категориядан тәуелсіз) байланысты», — дейді ұйымдағылар.

Еске салайық, 1993 жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы «1993 жылғы 5 қарашада «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгілеу туралы» қаулыға қол қойған болатын. Таяуда бұл құжатты Ақорданың баспасөз қызметі желіде жариялаған еді.

Дереккөзtengrinews.kz