Басты бет / Қоғам /
Ноутбук
Иллюстрация: Dribbble.com ©Thrice Studio in Editoral Heros

Қызылорда облысында 16 медицина қызметкеріне ноутбук табысталды

Қызылорда облысының әкімдігі коронавирус инфекциясымен күрескен барша медицина қызметкеріне тиісті қолайлы жағдай жасап жатыр. Облыстағы кәсіпорындар мен қоғам еріктілері де оларға қолдау білдіріп отыр.

Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры COVID-19 пандемиясына қарсы күресуші медицина қызметкерлері мен олардың балаларын қолдау мақсатында аймақтағы 16 көпбалалы кіші буын медицина қызметкеріне ноутбук табыстады. Ноутбук Астана медицина университетінің студенттерінің және ФСР медицина қызметкерлерінің көмегімен жеткізілді.

Қызылорда өңірінің барша медицина қызметкері қиын сәтте қолдау көрсеткен Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қорына алғысын білдірді.

Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры Павлодардағы, Көкшетаудағы, Шымкенттегі, Теміртаудағы, Талдықорғандағы және Ақтөбедегі медицина мамандарына да компьютер сыйлаған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook