Қызылорда артистері поэзия сағатын өткізеді

Жобада артистер белгілі қазақ ақындарының жыр шумақтарынан үзінді оқып, көрермен қауымға ұсынады.

Кез келген актер өзі қалаған поэзияны оқып, бейнесюжет жасайды. Өлең жолдарының авторын міндетті түрде белгілейміз. Дайын бейнесюжетті әлеуметтік желідегі парақшамызға жариялаймыз, — дейді облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық-музыкалық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ұлбосын Қылышбаева.

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық-музыкалық драма театры 16 наурыздан бері онлайн режимде жұмыс істеп жатыр. 16-26 наурыз аралығында театр ұжымы жаңа қойылымдарға онлайн оқылым жасады. 26 наурыздан бастап театрдың бейнеқорындағы спектакльдер YouTube-тегі каналынан көрсетіле бастады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да