Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында коронавирустан 24 адам жазылды

Пациенттің емі толық аяқталған соң екі рет қайталама зертхана талдамасы алынды. Талдама нәтижесінің теріс болуына орай емделушілер ауруханадан үйге қайтарылды.

Індетті жеңген үш науқастың біреуі — Шиелі ауданының, екеуі — Жаңақорған ауданының тұрғыны.

Енді олар 14 күн бойы аймақ дәрігерлерінің бақылауында болады.

Бұған дейін Қызылорда облысында COVID-19 індетінен жазылған 21 пациент тіркелген. Қазір олардың саны 24-ке жетті.