Қаулыға сай, Қызылорда қаласы, аудан, елді мекендер арасы квартал немесе секторларға бөлініп, блокпостар орнатылады.
Карантин аймағында жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін күшейтілген санитария-дезинфекция режимімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады, – деп мәлімдеді Қызылорда облысының әкімдігі.
Тұрғындарға медицина маскасын киіп жүру міндеттеледі.
Қазірге дейін Қызылорда облысында 147 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырды. Оның 24-і қауіпті індеттен толық хазылып шықты .