Олардың ішінде бесеуі Жаңақорған ауданынан, алтауы Қызылордадан. Осылайша өңірде індеттен жазылып шыққандардың жалпы саны 17-ге жетті.
Бүгін, 2020 жылғы 17 сәуірде барлық емделушіден зертхана талдауы алынды. Талдаулар теріс нәтиже берді. Пациенттердің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы 14 күн бойы үйде аймақтық емханалардың бақылауында болады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында COVID-19 жұқпалы індетін жұқтырғандар саны — 143, жазылып шыққандар — 17.