Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың мәліметінше, 39-аптадағы жүкті әйел бұрын коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ол 13 сәуірде Алматыдағы №1 клиникалық ауруханаға жатқызылды. Анализі коронавирус жұқтырғанын көрсетті.
Дәрігерлер әйелді кесар тілігімен босандырып алды. Баланың салмағы — 3 500 келі. Дені сау, вирус жұқтырмаған. Қазір балалар бөлімшесінде жатыр. Бұл — осы әйелдің екінші баласы. Анасының жай-күйі қанағаттанарлық, бүгін инфекциялық стационарға ауыстырылады, — деді Тілеухан Әбілдаев Алматыдағы коронавирусқа қатысты ахуалға арналған онлайн брифингіде.
Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының айтуынша, сәби анасына ол аурудан толық жазылған соң беріледі.
Бүгінге дейін Алматыда коронавирус инфекциясын 461 адам жұқтырғаны белгілі болып отыр. 67 адам аурудан айықты, 3 адам қайтыс болды. Қазір стационарларда 392 адам емделіп жатыр.
Мұның алдында Қызылорда облысында да коронавирус жұқтырған әйел сау баланы өмірге әкелген еді.