Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адам — Жетісай тұрғыны

1 сәуірде ер адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 4 сәуір күні жағдайы нашарлаған соң санавиация арқылы Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, реанимация бөліміне ессіз күйде жатқызылды. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Науқас вирус гепатиті, бауыр циррозы, қант диабеті, панкреатит сияқты ауыр созылмалы аурулармен ауырған.

Емдеу хаттамасы бойынша пациентке барлық емдеу амалы қолданылды. Жүргізілген реанимация шараларына қарамастан ол 15 сәуірде сағат 15.00-де қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирустан 16 адам қайтыс болып отыр.