Басты бет / Қоғам /
Науқас
Фото: Comandir.com

Қызылорда облысында коронавирустан тағы 2 адам жазылды

Пациенттердің емі толық аяқталған соң екі рет қайталама зертхана талдамасы алынды. Сынама нәтижесі расталмады. Соған орай ем алушылар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан үйлеріне шығарылады.

Пандемияны жеңген екі науқас та — Қызылорданың тұрғындары. Енді олар 14 күн бойы аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады.

Қызылорда облысында бұған дейін де 2 науқас COVID-19 пандемиясынан жазылды. Қазіргі уақытта өңірде барлығы 4 науқас коронавирус инфекциясынан толықтай айықты.

15 сәуір сағат 15.10-дағы мәлімет бойынша республикада коронавирустан жазылғандар қатары 220-ға жетті.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram