Басты бетҚоғамҚызылордада коронавирустан...

Қызылордада коронавирустан екінші пациент жазылды

Пациенттің емі толық аяқталған соң екі рет қайталама зертхана талдамасы алынды. Сынама нәтижесі расталмауына орай, яғни науқастың «Covid-19» вирусынан айығуына байланысты емделуші үйіне шығарылады.

Пациент — Қызылорда тұрғыны. Ол енді 14 күн бойы учаске дәрігерінің бақылауында болады.

13 сәуір күні өңір бойынша коронавирустан сауыққан алғашқы пациент тіркелді. Ол 26 наурыз күні аймақтық емханаға дене қызуына шағымданған. Тексеру кезінде коронавирус инфекциясының белгілері анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта республика бойынша инфекциядан 142 адам жазылды: Нұр-Сұлтан – 64, Алматы – 50, Атырау облысы – 5, Ақмола облысы – 4, Жамбыл облысы – 3, Алматы облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Шымкент – 2, Ақтөбе облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.