Пациент — Қызылорда тұрғыны. 2020 жылдың 1 наурызында Оңтүстік Кореядан келіп, 14 күн карантин бақылауында болған. Карантин кезінде ешқандай өзгеріс байқалмаған соң үйдегі бақылауға алынған. 26 наурыз күні аймақтық емханаға дене қызуына шағымданған. Тексеру кезінде коронавирус инфекциясының белгілері анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастан COVID-19 вирусының зертхана талдамасы расталып, клиникалық хаттамаға сәйкес ем жүргізілді.
Бүгін, 13 сәуір күні науқастан екі рет қайталама зертхана талдамасы алынып, нәтиже расталмады. Қазір жағдайының қанағаттанарлық болуына байланысты үйіне шығарылып жатыр. Пациент 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
13 сәуір сағат 13:45-тегі мәлімет бойынша елімізде 10 адам коронавирустан емделіп шықты. Нұр-Сұлтанда 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам жазылды. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 110-ға жетті.