Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы тағы да қолайсыз болады

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Қазақстан аумағы арқылы Атлантиканың кезекті циклоны өтеді. Ол найзағай мен жаңбырға себеп болады. Дүйсенбіге қарай оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей жерінде бұршақ жауады, күшті жел соғып, жаңбыр толассыз жауады.

Республиканың басқа да өңірлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Сенбіде Қазақстанның көп бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен күн жауын-шашынсыз болады, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана Оңтүстік циклонының әсерінен күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Алматы облысында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл облысында күн күркірейді.

Жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыздығынан Кіші Алматы өзені алабында қар көшуі мүмкін. Есіл суының деңгейі көтеріледі.