«Абай болыңыздар»: тауда қар көшкіні қаупі күшейді

Бұл туралы «Қазгидромет» кәсіпорны мен Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлады, олар тұрғындарға тауға шықпауды ескертті.

20-22 наурыз аралығында жылымықтын әсерінен қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашын түсуіне байланысты Кіші және Үлкен Алматы өзендері алабында қар көшкіні қаупі сақталады, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Мұндай ескерту бұған дейін де жарияланған еді. Таулы аудандарда бірнеше күннен бері қар көшкіні сейілмей тұр.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар, — дейді мамандар.