Ай бойы көбіне жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, температура ауытқиды.

Бірінші онкүндіктің басында солтүстікте температура түнде 5 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында, күндіз 7-18 градус жылы аралығында болады, оңтүстікте түнде 5-13 градус жылы, күндіз 15-23 градус жылы болады, қиыр оңтүстікте температура 28 градусқа дейін жоғарылайды.

Онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропа аумағындағы аудандарынан антициклон басып кіруіне байланысты ауа температурасы солтүстікте түнде 3-8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус жылы болады, осы онкүндіктің соңында оңтүстіктегі ауа райына антициклон ықпалы етіп, күн салқын болады, түнде сынап бағанасы 3-8 градус жылыны, күндіз 10-15 градус жылыны, қиыр оңтүстікте 22 градус жылыны көрсетеді.

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында күн суық болады. Солтүстікте түнде температура 3 градус аяз бен 7 градус жылы аралығында, күндіз 2-13 градус жылы аралығында болады. Оңтүстікте түнде термометр бағаны 0-10 градус жылы аралығын, күндіз 12-22 градус жылы аралығын көрсетеді, — деп хабарлады гидрометеорологтар.

Екінші және үшінші онкүндікте солтүстік өңірлерде 17-22 градус жылы болады, оңтүстікте температура 25-30 градусқа дейін жоғарылайды.