Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде айтты.
Ауру жұқтырған қызметкерлерге келсек, бізде бір жағдай бар. Қызметкердің коронавирус жұқтырғаны расталды. Ол қазір емделіп жатыр, жағдайы қалыпты. Науқастармен байланыс жасаған 530-дан астам адам бар. Олар — науқас қызметкерден ғана емес, отбасы мүшелерінен, қызмет барысында басқа адамдардан жұқтырғандар, — деді вице-министр.
Оның мәліметінше, саланың 30-ға жуық қызметкері стационарға жатқызылған. 80 шақты қызметкер үйдегі карантинде болды. Бүгінде көбі карантиннен шығып, қызметіне кірісті.
Вирус жұқтырғандармен жұмыс істейтін ішкі істер және төтенше жағдайлар қызметкерлеріне Президенттің жарлығы бойынша бір айлық жалақы қөлемінде көмек беріледі. Ол ведомстводағы барлығы 52 мың қызметкерге тиесілі.
Әрине, әрқайсының айлығы әртүрлі. Жалпы сомасы 6 миллиард теңге бөлінді, — деді Юрий Ильин.