22.55-тегі мәлімет:

Тағы 17 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды: Нұр-Сұлтанда екі, Алматыда бір, Ақмола облысында төрт, Павлодар облысында екі, Қызылорда облысында сегіз адам.

Павлодар облысында науқастардың бірі қайтыс болды. Елімізде осымен сегіз адам қайтыс болып отыр. Бұған дейін Павлодар облысында бір ғана науқас болып, ол бүгін ауруханадан шыққан еді.

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша анықталған жағдайлардың жалпы саны 781-ге жетті. Аурудан 60 адам айықты: Нұр-Сұлтанда 30, Алматыда 26, Ақтөбе облысында бір, Солтүстік Қазақстан облысында бір, Жамбыл облысында бір, Павлодар облысында бір адам.

Өңірлердегі ахуал:

Нұр-Сұлтан — 225,

Алматы — 122,

Қызылорда облысы — 100,

Ақмола облысы — 60,

Қарағанды облысы — 57,

Жамбыл облысы — 45,

Атырау облысы — 42,

Түркістан облысы — 34,

Шымкент — 27,

Солтүстік Қазақстан облысы — 25,

Ақтөбе облысы — 11,

Алматы облысы — 10,

Маңғыстау облысы — 7,

Шығыс Қазақстан облысы — 6,

Батыс Қазақстан облысы — 4,

Қостанай облысы — 3,

Павлодар облысы — 3.

17.55-тегі мәлімет:

Жамбыл облысында бір адам және Павлодар облысындағы жалғыз науқас сауығып, ауруханадан шықты.

Аурудан айыққандардың қатары 60-қа жетті.

16.00-дегі мәлімет:

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың қатары 58-ге жетті!

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда үш науқас айығып, ауруханадан шыққанын хабарлады.

14.55-тегі мәлімет:

Коронавирус тағы бес адамнан анықталды: Атырау облысында үш, Маңғыстау облысында бір, Алматыда бір науқас тіркелді.

Қазақстанда барлығы 764 жағдай анықталып отыр. Инфекциядан 55 адам айықты: Нұр-Сұлтанда 30, Алматыда 23, Ақтөбе облысында бір, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

Елімізде жеті адам коронавирус құрбаны болды.

Өңірлердегі науқастар саны:

Нұр-Сұлтан — 223,

Алматы — 121,

Қызылорда облысы — 92,

Қарағанды облысы — 57,

Ақмола облысы — 56,

Жамбыл облысы — 45,

Атырау облысы — 42,

Түркістан облысы — 34,

Шымкент — 27,

Солтүстік Қазақстан облысы — 25,

Ақтөбе облысы — 11,

Алматы облысы — 10,

Маңғыстау облысы — 7,

Шығыс Қазақстан облысы — 6,

Батыс Қазақстан облысы — 4,

Қостанай облысы — 3,

Павлодар облысы — 1.

12.00-дегі мәлімет:

Нұр-Сұлтанда тағы бір пациент жазылып шықты. Қазақстанда аурудан айыққандардың жалпы саны 55-ке жетті.

10.00-дегі мәлімет:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 адам тiркелді: Ақмола облысында 13, Алматыда бір, Қызылорда облысында жеті,  Батыс Қазақстан облысында екі, Атырау облысында үш, Қарағанды облысында екі, Шымкентте төрт адам.

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша расталған жағдайлардың жалпы саны 759-ға жетті.

Өңірлердегі науқастар саны:

Нұр-Сұлтан — 223,

Алматы — 120,

Қызылорда облысы — 92,

Қарағанды облысы — 57,

Ақмола облысы — 56,

Жамбыл облысы — 45,

Атырау облысы — 39,

Түркістан облысы — 34,

Шымкент — 27,

Солтүстік Қазақстан облысы — 25,

Ақтөбе облысы — 11,

Алматы облысы — 10,

Шығыс Қазақстан облысы — 6,

Маңғыстау облысы — 6,

Батыс Қазақстан облысы — 4,

Қостанай облысы — 3,

Павлодар облысы — 1.

Аурудан 54 адам айықты: Нұр-Сұлтанда 29, Алматыда 23, Ақтөбе облысында бір, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

Коронавирус инфекциясынан 7 адам қайтыс болды: Ақмола облысында үш, Нұр-Сұлтанда бір, Шымкентте бір, Қарағанды облысында бір, Түркістан облысында бір адам.

Коронавирусқа қатысты эпидемиология ахуалы. 8 сәуір.