Басты бетЖаңалықтарАлдағы тәуліктерде...

Алдағы тәуліктерде жаңбыр жауып, салқын болады

Сәуірдің 7-8-і күндері Қазақстан аумағының көп бөлігіне Атлантиканың терең циклоны ықпал етеді, сол себепті күн күркіреп, жауын-шашын мол түседі, екпінді жел соғады. Республиканың оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін.

9 сәуірде бұлт сейіліп, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді, бұған Еуропа антициклоны себеп болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер көктем, жаз және күз айларындағы ауа райына болжам жасаған еді. Олардың мәліметінше, көктем мен жаз жауын-шашынды, аптапсыз, күз жылы әрі жауын-шашынсыз болады.