Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда кейінгі...

Нұр-Сұлтанда кейінгі 16 науқас коронавирусты қалай жұқтырған?

29 наурызда сағат 13.00-дегі мәлімет бойынша 1 536 адам стационарда карантинде жатыр. Бұл уақытқа дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 151 жағдайы тіркелді. Оның 13-і аурудан жазылып, ауруханадан шықты. 29 наурызда 16 дерек тіркелді. Олар коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған себепті стационардағы бақылауда немесе үйде оқшауланғандар, — деді Сәуле Қисықова «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфиріндегі брифингіде.

Оның айтуынша, қалада ауру жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғандар әлі анықталып жатыр. Орташа есеппен әр науқастың маңына 30-дан 50-ге дейін адам жолаған.

Біз мұндай адамдарды анықтап, оқшаулап жатырмыз. Олардың арасынан ауру жұқтырудың жаңа деректері анықталады. Бұл адамдар инфекцияны белсенді таратушылар емес. Оқшауланғандар мен стационарға жатқызылғандардың арасында жаңа науқастар шамамен 80% болады, — деді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

29 наурызда сағат 11.30-да Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 22 адам тiркелді: Нұр-Сұлтанда 16 адам, Алматыда төрт адам, Атырау облысында бір адам, Қызылорда облысында бір адам.