Коронавирус жұқтырғандар саны 150 болды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы бес адам Алматыда тіркелді.

Сонымен Нұр-Сұлтан бойынша 75 адам, Алматыда 55 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Ақмола облысында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Атырау облысында 3 адам, Павлодар облысында 1 адам және Маңғыстау облысында 1 науқас бар. Барлығы 150 адам коронавирус жұқтырды. Оның үшеуі жазылып, бір адам қайтыс болды.

Осыған дейін сегіз адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да