Басты бетҚоғамКоронавирус: Нұр-Сұлтан...

Коронавирус: Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы барлық кәсіпорын мен ұйым жұмысын уақытша тоқтатады

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан мен Алматыда 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын мен ұйымның жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті.

Толық тізім қала әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.