Қазақ тілін білмейтіндерді сахнадан қуу керек — Тоқтар Серіков

“Олар ылаң өнерге келген, бұлар жұқпалы дерт, бұлардан тез арылу керек, тоқтату керек. Өнердегі барлық достарым, бұған шара қолдану керек деп жатыр, мен солардың ішіндемін. Тілін, дінін білмейтіндер – рухани мүгедектер. Тілін білмейтіндерді емес, тілін білгісі келмейтіндерді сахнадан қуу керек»,-деді әнші.

Ал Меруерт Түсіпбаева өнерде тіл жоқ деген қағиданы ұстанады. Ол тіпті қазақшадан басқа тілде ән айтудан бас тартқан шәкірттеріне еврей тілінде ән айтқызып қояды екен. “Орысша айта алмағаның не, орысша да еврейше де айтасың деймін мен. Оның қазақша ән орындағаны маған беш тиын”, – дейді Түсіпбаева.

Дереккөзjuldizdar.kz