Қуанышбек Есекеев Президентке компанияның 2019 жылғы жұмысының қорытындысы, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, Smart Aqkol жобасы, «Қазақтелекомның» «Кселл» және Tele2 акцияларын сатып алғаннан кейінгі интеграциясы туралы және басқа да мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» басшысына елді мекендерді түгел ұялы байланыспен қамтамасыз етуді, ауылдардағы мектептер мен медицина нысандарына интернет жеткізуді және байланыс қызметі құнын өсірмеуді тапсырды.