Ресей мен Өзбекстан еліміздің сегіз азаматын Уханьнан алып шықты

Қазақстанның өтініші бойынша 5 ақпанға қараған түні Қытайдан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен еліміздің сегіз азаматы қауіпсіз жерге көшірілген.

Біздің бес азаматымыз Ташкентте, ал қалған үшеуі Түменде дәрігерлердің 2 апталық бақылауында қадағалауында болады. Эвакуацияланғандар арасында бұған дейін ҚХР-дың эпидемиологиялық қызметі дене қызуына байланысты елден шығармай қойған Яньцзы университетінің 1-курс студенті бар, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматтары ұшаққа отырар алдында қосымша медициналық тексеруден өткен, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомы бар адамдар анықталған жоқ.

3 ақпан күні Қазақстан Уханьнан еліміздің 83 азаматын эвауациялағанын еске саламыз. Оның 80-і — студент. Қазақстан сол күні Беларусь, Армения, Қырғызстан азаматтарын да Нұр-Сұлтанға алып келді. Дәрігерлер олардың денсаулығы жақсы екенін хабарлады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да