ҰҚК 5 адамға Қазақстанда теракт жасамақ болды деген күдік келтірді

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адамдар 2 ай мерзімге қамауға алынған. Олардың бесеуі де бұрын ауыр және аса ауыр қылмысы үшін сотталған.

Аталған адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сонымен біргге терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нұсқасы бойынша бұл топ республика аумағында, оның ішінде адам көп шоғырланатын жерлерде терроризм актілерін жасау мақсатында құрылған, — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік органдары 2019 жылы жеті радикал топ пен жекелеген 34 экстремистің қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойғанын хабарлаған еді. Арнайы қызмет үш террорлық актінің жолын кескен. Радикал топтарға қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш зат жеткізудің 17 фактісі әшкереленген.