Қазақстанның басым бөлігінде қар күтіледі

Кей жерлерде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20  м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, түнде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

ДереккөзҚазАқпарат