«Бәрі Валентин жайлы» — All thing Valentine

Режиссер Гари Харвидің «Бәрі Валентин жайлы» кинокартинасы 2016 жылы жарыққа шықты. Фильмде Эвери есімді бойжеткеннің өмірі суреттеледі. Журналист Эвери аноним блогында махаббат туралы мақалалар жазып, қарым-қатынасқа байланысты кеңес береді. Ол бір күні ветеринар Брэндпен танысады, екеуінің арасында сезім пайда болады. Эвери өзінің өмірлік серігін таптым деп жүргенде оның жазбаларына жағымсыз пікір қалдыратын оқырманның бірі сол екенін біледі…

«Әулие Валентин түні» — Ночь святого Валентина

Ғашықтар Әулие Валентин күнін асыға күтеді. Өйткені бұл — сезімге ерік беріп, бірге уақыт өткізудің тамаша мүмкіндігі. Ал бұл күні жалғызбасты адамдар не істеуі мүмкін?! Бұл сұрақтың жауабын украин режиссеры Владимир Лерттің «Әулие Валентин түні» атты фильмнен табасыз. Сюжет желісі бойынша ұялшақ гинеколог сұлу бойжеткенді кездестірсе, ал танымал рок-әнші өз музасын жолықтырады. Ал бірінші курс студенттері ғашықтар күніне орай кеш ұйымдастырған. Валентин күніндегі таныстық ары қарай қалай ұласқанын, мереке кешінде қандай шытырман оқиға болғанын фильмнен тамашалай аласыз. 

«Көгілдір Валентин» — Blue Valentine

Режиссер Дерек Сиенфэрстің «Көгілдір Валентин» фильмі 2010 жылы экранға шыққан. Бірін-бірі құлай сүйетін Дин мен Сиднидің үйленгеніне 5 жыл болды, бірақ олардың  қарым-қатынасы күн сайын бұзыла береді. Оларға махаббаты ләззат сезім емес, ауыртпалық түсіре бастағандай көрінеді. Екі жас сөніп бара жатқан сезімді жандандыруы керек пе, әлде уақыт созбай, қарым-қатынасты тоқтатқаны дұрыс па?

«Әулие Валентин күні» — Valentine’s day

«Әулие Валентин күні» атты лирикалық комедия 2010 жылы көрерменге жол тартқан. Режиссеры — Гарри Маршэл. Туындыда Валентин күнінен ғажайып күткен әртүрлі жастағы адамның сезімдері суреттелген. Сонымен бірге кинода адалдық, әділдік, мейірімділік сияқты құндылықтар да көрсетілген. Фильмнің ерекшелігі — ол жерде басты кейіпкер жоқ. Қызыққа толы әр кейіпкердің өміріне жеке-жеке шолу жасайсыз.

«Валентин» — Valentine

Ғашықтар мерекесін мектептегі балалар да атап өтеді. Олар алғашқы махаббатына сезімін білдіріп, сыйлық тарту етеді, бірақ атаулы мерекеде балалардың бірі қатарластарынан сүйіспеншілік емес, тек келеке мен мазақ көретін болса, Валентин күні жайлы жадында жақсы естелік қалмайтыны анық. Фильмнің басты кейіпкері — кластастарынан көрген қорлығынан жүрегіне үлкен сызат түскен Джереми. Ол ер жеткенде кезекті Әулие Валентин күнінде дұшпандарынан өш алмақ болады. Режиссер Джэйми Блэнкс фильмді Американың белгілі жазушысы Том Саваждың «Валентин» кітабының желісі бойынша түсірген.

«Жүзім бағындағы Валентин күні» — Valentine in the Vineyard

Фрэнки мен Нэйт жеке өмірде де, жұмыста да бірге. Өйткені олардың ортақ жүзім бағы бар. Екеуі жеке өмір мен жұмыс мәселесін араластырғысы келмегенімен бұл нәрсе олар ойлағандай оңай болмайды. Қызу жұмыс пен тойға дайындық кезінде қос ғашықтың арасында түсініспеушілік туындайды. Жанжалды шешудің бір амалы бар — келе жатқан Әулие Валентин күнінде бір-бірінің көңілін табу. Фильмнің режиссеры — Терри Ингрэм.

«Әулие Валентин күнін жек көремін» — I Hate Valentine’s Day

Режиссер Ниа Вардалостың кейіпкері Женевьева есімді флорист қыз шынайы махаббатқа сенбейді, себебі кезінде оның жүрегін бір ер азамат жаралаған. Сол оқиғадан кейін Женевьева сезімін білдірген жігіттермен тек бес рет кездесіп, кейін қарым-қатынасты бірден тоқтататын. Бір күні ол өзінің гүл дүкеніне қарама-қарсы жерден мейрамхана ашқан Грэгпен танысып, оны ұнатып қалады. Сіздіңше, оқырман,  ол Греэгпен алтыншы мәрте кездесуге бара ма?

«Менің қанды Валентинім» — My Bloody Valentine

Бірнеше жыл бұрын Әулие Валентин күні Хармонидегі шахтада опат болып, салдарынан бірнеше адам қаза табады. Ал апаттан жалғыз аман қалған Хәрри Варден психиатрия ауруханасына түседі. Хәрри кеншілердің өмірін жалмаған апатқа кім кінәлі екенін біледі, сол себепті бір жыл өткен соң — дәл Валентин күні олардан кек ала бастайды. Полиция ызалы Хәрридің көзін жоюға мәжбүр болады, бірақ 10 жылдан соң Хәрридің әдістерімен кек алу миссиясы қайта жалғасады. Қала полициясының ендігі міндеті — «жаңа Хәрри» кім екенін және оны қалай тоқтатуға болатынын анықтау. Фильм 2009 жылы жарыққа шыққан. Режиссеры — Патрик Люссье.

«Әулие Валентин күні» — День Святого Валентина

Фильмде Ресейдегі қарапайым бір отбасының өмірі баяндалады. Әулие Валентин күні әйелі іссапарға кетуге мәжбүр болады. Ал күнделікті өмірден шаршаған күйеуі бұл сәтті пайдаланып, үйінде басқа қыз-келіншектермен көңіл-көтере бастайды. Бір күні көңілді кештің ортасында әйелі іссапардан оралады. Енді ерлі-зайыптының қарым-қатынасы қалай болады, режиссер Анатолий Эйрамджанның фильмі осы туралы.

«Нағыз, нағыз Валентин» — Very, Very Valentine

Басты кейіпкер Хелен Рассэл Валентин күні таңғажайып сәтке толы мереке екеніне сенімді. Ол әркімнің сүйген адамы өзіне бір көргеннен ғашық етеді деп сенеді. ХХI ғасырда бұл мүмкін бе? Шынымен Хелен қиялындағы ақбоз ат мінген ханзадасын жолықтыра ма? Фильм кейіпкердің риясыз сезімін көрсетеді. Режиссеры — Дон Макбрити.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!