Қазақстанның басым бөлігінде қарлы жауын күтіледі

Кей аумақтарда тұман, көктайғақ болжанады. Елдің шығысында жекелеген жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

ДереккөзҚазАқпарат