Қазақстандағы ең өтімді көлік — Lada

2016 жылдың 9 айында қазақстандықтар 569 млн. доллар сомасында 30,8 мың жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алған.

Осыған байланысты, «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының баспасөз қызметі елімізде сұранысқа ие көліктердің ондығын хабарлады.

Ондықты Lada маркалы көлігі бастап тұр. Биылғы 9 айда елімізге 6 мың 86 Lada импортталған. Сұранысқа ие модель — Lada Priora (2 мың 237 көлік).

Екінші орында — Toyota. 5 мың 728 қазақстандық осы маркадан автомобиль сатып алған. Оның ішінде 2 мың 232-сі Toyota Camry маркасы.

Алғашқы үштікті Renault қорытындылайды, бұл маркадан 2 925 машина сатылған екен. Ең көп сатылғаны — Renault Duster (1 мың 394 ).

Ондықты Hyundai (2 659 көлік), KIA (2 325 ), Volkswagen (1583 ), GAZ (1 467), UAZ (1 196 ед), Nissan (1 103 ) және Chevrolet (644) көліктері аяқтайды.

Сатып алу қабілеттігі жағынан Алматы тұрғындары көш бастап тұр. Биыл 9 мың 281 алматылық көлікті болған. Екінші орында Астана (5 мың 333 адам), Атырау (2 мың 234 адам), Өскемен (1 мың 656 адам) мен Қарағанды (1 мың 623 адам) қалалары тұр.

ДереккөзNaryk.kz