Басты бетЖаңалықтарБақытжан Сағынтаев...

Бақытжан Сағынтаев шырша мерекесіне 200 баланы шақырды

Алматы әкімі көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мен мүгедектігі бар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап жаңажылдық мереке ұйымдастырды. Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекеге 1-9-класс аралығындағы 200 оқушы келді.

Шыршаға келген әр бала жаңажылдық костюм киіп, іштей тілек айтты. Олар міндетті түрде орындалады. Бастысы, жақсы оқыңдар. Білімнің арқасында еліміздің табысты азаматы боласыңдар әрі сүйікті қаламыздың дамуына үлес қоса аласыңдар, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкім шыршасы
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа жыл шыршасына келген әр балаға сыйлық берілді. Концерттің бас кейіпкерлері — Аяз ата мен Ақшақарға Алдар көсе мен Тазша бала қосылды. Балалармен бірге  ертегі кейіпкерлері мен «Мұзды Джек» мультфильмі қаһармандары да көңіл көтерді.

Бақытжан Сағынтаев, шырша
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Мерекелік шараға «Сенім» вокал-хор студиясының өнерпаздары, «Непоседы», «Наз», «Аспан», «Еркеназ» би топтары мен Diamond шоу-балеті қатысты.