Қарағандыда Алдаркөсеге ескерткіш орнатылды

Қарағандыдағы мемлекеттік балабақша алдындағы алаңға ертегі кейіпкері Алдаркөсеге арналған ескерткіш орнатылды.

Алдар көсе
Көрнекі фото

«Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Бақытгүл Абдрасилованың айтуынша, бұл кейіпкер халық даналығы мен тапқырлығының символы.

«Балалардың өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезінгені өте маңызды. Өзінің ақылды айлакерлігімен ол адамдарды сараң болмауға, рақымсыздарды мейірімді болуға үйретеді», – дейді балабақша директоры.

Саз балшықтан жасалған есек мінген Алдаркөсенің ескерткіші – қарағандылық мүсінші Бөскей Қыздарбековтың балаларға жасаған тартуы.