20 желтоқсанда өңірлерде ауа райы қандай болады?

Желтоқсанның 20-сында еліміздің көп бөлігінде жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста екпіні секундына 30 метрден асатын жел соғады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша жұмада Жамбыл облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын мен екпіні секундына 28 метрге жететін, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метрден асатын жел соғады.

Қызылорда облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 25 метрге жетеді, тұман түседі, көктайғақ болады.

Түркiстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтанда боран мен екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Павлодар облысында боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының жоғарылауы мен жауын-шашын салдарынан су тасу қаупі бар.