«Мақсатым — пайдамды тигізу». Зағип кәсіпкер хостел бизнесі туралы

Super Hostel хостелінің иесі Кенжеғұл Сейтжан
Кенжеғұл Сейтжан. Фото: Айгүл Хожантаева

Қарашада Baribar.kz жариялаған алғашқы материалдың бірі — осы. Кенжеғұл Сейтжан 30 жылдан бері зағип. Оның балмұздақ саудасынан хостел бизнесіне дейінгі өмірі кәсіппен айналысқысы келетін жастарға жігер берерлік.

Super Hostel хостелінің иесі Baribar.kz-ке бүгінге дейінгі кәсіпкерлік тәжірибесі туралы және қазіргі бизнесінің қаншалықты табысты екенін әңгімелеп берді.

Қазақстанда қандай ескерткіштер көптің сынына ілікті?

Семей, Мәншүк Мәметова, ескерткіш
Мәншүк Мәметованың Семейде жасалған ағаш мүсіні. Фото: Yk-news.kz

Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған Мәншүк Мәметованың ағаш ескерткіші әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланды. Ағаштан жасалған скульптураның фотосы қолданушылардың наразылығын, келеке-күлкісін туғызды. Авторлары — Алтайда тұратын шебер Иван Куртуков пен оның жұбайы Юлия, тапсырыс беруші — жергілікті билік.

3 қараша күні орнынан алып тасталғанына қарамастан бұл «өнер туындысы» туралы пікірталас сол кезде толастаған жоқ. Baribar.kz Қазақстанда бұған дейін талқыланған «біртүрлі» ескерткіштерге шолу жасады.

Онихофагия: саусақ терісі мен тырнақты жиі тістеу нені білдіреді?

Бала, қолды ауызға салу
Фото: Healthline.com

Тырнақты, тырнақ етін үнемі тістелей беру, яғни онихофагия — психикалық ауытқу. Сонымен бірге ғылымда адамның өз терісін зақымдауын дерматилломания деп те атайды. Онихофагия кез келген жастағы адамда болуы мүмкін. Адамдар жүйкесінің жұқаруынан, стресс жағдайынан, өзіне деген сенімсіздік пен ішкі сырын біреуге айта алмауының салдарынан осы ауруға шалдығады.

Дерматовенеролог Зинура Сапабекова саусақ терісі мен тырнақты жиі тістеудің қандай зияны барын және одан қалай арылуға болатынын айтып берді.

Балалардың анайы видеоларға қызығуы қалыпты жағдай ма?

Бала, телефон, видео, жасөспірім
Иллюстрация: Dribbble.com ©aurelien soula

Baribar.kz редакциясы порталдың «Сұрақ-жауап» бөлімінде көп талқыланған сұрақтарға маманның кеңесін беріп жүр. Порновидео көруге әуестік туралы да оқырман бірнеше сұрақ қойған екен.

Nurdaulet_Orazbayev есімді қолданушы «Мен темекі шекпеймін, ішімдік ішпеймін. Бірақ бір жаман әдетім бар, ұятсыз видеоларды (порно) көремін. Осы әдетті қою үшін қандай кеңес бересіздер?» — деп жазған. Қолданушының сұрағына психоаналитик Жанар Оспанова жауап берді.

Босанған соң тез оңалмайтын әйелдер нені ескермей жүр?

Әйгерім Жұмасбай
Әйгерім Жұмасбай. Фото: Айгүл Хожантаева

Әйелдің жүктіліктен кейінгі кезеңі бала жолдасы шыққаннан жатыры толығымен жиырылғанға дейін жалғасады. Бұл уақытта өзгеріске ұшыраған ағза жылдам қалпына келуі үшін не істеу керек? Әйел өзін-өзі қалай күткені жөн? Сауалдарға отбасы дәрігері Әйгерім Жұмасбай жауап берген еді.

Әмір Шайкежанов: Гомосексуал болу ұлт пен тілге қарамайды

Әмір Шайкежанов
Әмір Шайкежанов. Фото: Айгүл Хожантаева

Әмір Шайкежанов — Kok.team порталының және Safe Space Almaty комьюнити орталығының негізін қалаушылардың бірі. Ол 2 жыл бұрын гей екенін ашық жариялады. Әмір ЛГБТ-белсенді ретінде танымал.

Ол Baribar.kz-ке берген сұхбатында «Отбасылы, бала-шағасы бар ересек адамдардың бисексуал қарым-қатынасқа өтетіні немесе өмірін мүлдем өзгертіп, гетеросексуалдан гомосексуалға біржолата ауысып кететінін қалай түсіндіруге болады», «Гомосексуал екенін түсінген жасөспірімге қайтпек керек», «ЛГБТ құқығы туралы айтуды неге сондай маңызды деп есептейсіз?» деген  сұрақтарға жауап берді.

Зейнет жасында қалай белсенді де қызық өмір сүруге болады?

Би үйреніп жатқан зейнеткерлер
Би үйреніп жатқан зейнеткерлер. Фото: Айгүл Хожантаева

Зейнеткер дегенде үйде немере-шөбере баққан, ауырып-сырқаған немесе ермексіз зеріккен қария елестейді. Бірақ бұл стереотип екен. Бұған Baribar.kz тілшісі Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының бірінде көз жеткізді.

Асхат Аймағамбетов министр болғалы салада не өзгерді?

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Қазақстанда ең көп реформаланып, жиі сыналатын сала — білім беру, тіпті ел азаматтары бұл салада болатын әр өзгеріске күмәнмен қарауды үйреніп алды. 2019 жылдың 13 маусымында ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалған Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, реформа белгілі бір проблеманы шешу үшін ғана жасалуы қажет. Baribar.kz Асхат Аймағамбетов министр болғалы салада не өзгергеніне шолу жасады.

Верный әскериінің жесірінен қалған 125 жылдық ғимарат

Тұрғын үй сәулет ескерткіші
Тұрғын үй сәулет ескерткіші. Фото: Айгүл Хожантаева

Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы көгілдір түсті үйді көрген шығарсыз. Бұл — Верный заманынан қалған ең ескі ғимараттардың бірі. Оның 125 жылдық тарихы бар. Baribar.kz сәулет ескерткіші бүгінге қандай хронологиямен жеткенін баяндады.

«Аялы алақан» арқылы танылған кішкентай Зарета қалай бойжетті?

Зарета Құрманғожина
Зарета Құрманғожина. Фото: Айгүл Хожантаева

12 жыл бұрын Qazaqstan телеарнасындағы «Аялы алақан» бағдарламасы қазіргі Түркістан облысындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан Зарета Құрманғожинаны көрсетті. Заретаның аяқ-қолына байланысты мүгедектігі бар. Ол «мен бір орында қалып кетпеймін» деген сөзімен көрерменнің есінде ерекше қалды.

Зарета Құрманғожина қазір 27-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәдениеттану мамандығында 1-курста оқиды. Оқу корпусының жанындағы жатақханада тұрады. Baribar.kz тілшісі сол Заретамен кездесіп, ол туралы материал жазды.

Вакуум жаттығуы: 2 аптада қалай арықтауға болады?

Арықтау, іш құрылысы жаттығуы
Иллюстрация: Dribbble.com ©YellowHouse-studio

Гүлвира Ыбыраева — кейінгі 2 жылда 10 мыңнан астам қыздың арманын орындауға көмектескен диетолог. Оның айтуынша, артық салмаққа түрлі фактордың әсері бар. Негізгі факторлардың бірі — дұрыс тамақтанбау. Дәмді, майлы әрі тез дайындалатын тағамдар күннен күнге көбейіп жатыр. Оған түрлі дәмдеуіш қосылады. Мұндай тағамдардың дәмін көрген адам оны тағы жегісі келіп тұрады. Солай көп салмақ жинайды. Адамның араласатын ортасының азаюы да семіздікке себеп болуы мүмкін.

Диетолог Гүлвира Ыбыраева іш құрылысына арналған жаттығу арқылы аз уақыт ішінде артық салмақтан қалай арылуға болатынын түсіндірді.

Бастағы биттен қалай жылдам арылуға болады?

Педикулез
Динара Рысбекова. Фото: Нұрберген Алдаберген/Baribar.kz

Бастағы бит — адамның басында ғана тіршілік ететін жәндік-паразит. Оның жұмыртқасы — сірке. Аналық бит күніне 3-7 жұмыртқа жарып, шаштың түбіне қалдырады. Бит орта есеппен 27-30 күн өмір сүреді. Шаштан алып тастаса, бір күннен кейін өліп қалады. Бастағы бит адамның өмір сүру сапасын төмендетеді. Бірақ оның шаш құрылымына зияны тимейді.

Баста бит қайдан пайда болады, педикулездан қалай сақтану керек және паразиттен құтылудың амалы қандай? Бұл туралы трихолог Динара Рысбекова айтып берді.