Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған Мәншүк Мәметованың ағаш ескерткіші әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатыр. Ағаштан жасалған скульптураның фотосы қолданушылардың наразылығын, келеке-күлкісін туғызды. Авторлары — Алтайда тұратын шебер Иван Куртуков пен оның жұбайы Юлия, тапсырыс беруші — жергілікті билік. 3 қараша күні орнынан алып тасталғанына қарамастан бұл «өнер туындысы» туралы пікірталас толастаған жоқ.

Шығыс Қазақстан өңірінде елдің наразылығына ұшыраған тағы бір композиция — Өскемендегі Абай мен Михаэлистің ескерткіші еске түседі. Ол 2014 жылы маусым айында қойылып, «селфи жасап тұр ма», «неге қортық болып қалған» деген сияқты сан-сауал туғызды. Бірақ бірер күн өтісімен орнынан алынды.

Пропорция атаулыдан жұрдай ескерткіш бір бұл емес. Алматы облысында орналасқан Мұстафа Өзтүріктің скульптурасы кезінде үлкен даудың себебі болған-ды. Бәкене бойлы ескерткіш атақты таэквондошының құрметіне қойылғанын жазуын оқып қана білуге болатын еді.

Алматы облысы, Мұстафа Өзтүрік, ескерткіш
Фото: Sports.kz

Әлеуметтік желілерде арагідік кездесіп қалатын тағы бір ескерткіш Райымбек батырдікі. Алайда мұқият қараған адам албанның ұранына айналған адам мен «Күн көсем» Лениннің «аса ұқсас» болғанын байқай алады.

Райымбек батыр, ескерткіш

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында орналасқан Есет батырдың ескерткіші де «біртүрлі» мүсіндер қатарында. Бір қарағанда байқай қоймасаңыз, айта салайық: атамыздың аяғы тым келте болып қалыпты.

Есет батыр, Ақтөбе облысы, ескерткіш
Фото: Тime.kz

Әлеуметтік желілердің назарында болған тағы бір ескерткіш — Алматыдағы «Ана мен бала». Қолданушыларды сәби мүсіннің сәбиге ұқсамайтын бет-әлпеті таң-тамаша қылған еді. 2017 жылы орнатылған скульптура қарша бораған сын мен сықақтан кейін жоқ болып кетті.

Ана мен бала ескерткіші
Фото: Олжас Мұхамеди

«Ерекше» сәбидің мысалы бір бұл емес. Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан «Ана мен бала» ескерткіші (жоғарыдағы композицияға қатысы жоқ) бір қарағанда тәуір көрінген еді. Бірақ бажайлап зерттесеңіз, баланың бірден шенеунік болып туғанын байқай аласыз.

Ана мен бала ескерткіші
Фото: Voxpopulli.kz

Жалпы, Қазақстан мүсіншілері ерекше ескерткіш қоюды жақсы көреді. Мәселен, Алматыда кеңестік қырлы стақанның құрметіне қойылған ескерткіш бар.

Стақан, ескерткіш, Алматы
Фото ашық дереккөзден

Ал Тараздан әйгілі «Сәт джентльмендері» фильмінің кейіпкерлері бейнеленген скульптураны табасыз.

Фото: Gorodtaraz.kz

Қарағандыда «Где-где? В Караганде!» қанатты сөзіне арналған ескерткіш бар."Где-где? В Караганде!", ескерткіш

Нұр-Сұлтанда әйгілі Ұятменнің назарына іліккен ғашықтардың ескерткіші — бір төбе.Ғашықтар, Нұр-Сұлтан, ескерткіш

Алматыда қыдырып жүрсеңіз, алуан түрлі бейформал ескерткішті көре аласыз. Мәселен, алдыңыздан… қойдың жауырына шыға келуі мүмкін.

Жілік, ескерткіш, Алматы
Фото: Yvision