Байқауды Қазақстан аумағында Еуропа хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі — «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Ержан Максим 19 сайыскердің арасында оныншы болып сахнаға шықты.

Eurovision дәстүрі бойынша бұл байқауда да сайыскерлер өнер көрсетіп болғаннан кейін қатысушы 19 елдің әрқайсының кәсіби қазылары 10 әнге 12, 10, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1 деген ұпайларды беріп шықты. Содан кейін бүкіл әлем бойынша көрерменнің үш әнге берген дауысы есептелді.

Қазылардан Қазақстан вокалисіне ең жоғары ұпай — 12 балды Грузия, Украина, Беларусь, Польша, Нидерланды, Уэльс және Сербия берді. Ержан Максим 18 елдің кәсіби қазыларының дауыс беруі нәтижесінде жалпы ең жоғары көрсеткіш — 148 балл иеленді, бірақ онлайн дауыс беруден соң ұпайы 79-ға ғана көбейді: 227 балл.

Жеңімпаз — қазылар алқасынан 112 ұпай алған Польша, сайыскер Виктория Габорға көрермен 166 дауыс беріп, қорытынды ұпайы 278 балл болды. Польша екінші жыл қатарынан бірінші орын алып отыр.

Үшінші орынға Испания сайыскері Мелани Гарсия ие болды — 212 балл.

Қазылардың дауыс беру нәтижесі:

Дауыс беру

Көрерменнің дауыс беруінен кейінгі нәтиже:

Дауыс беру

2019 жылғы Junior Eurovision ән байқауында 12 жастағы Ержан Максим «Арманыңнан қалма!» әнін орындады. Ән авторлары: композитор Хамит Шаңғалиев пен ақын Данияр Алдабергенов.

Junior Eurovision-2019 байқауында Ержан Максиммен бірге қандай өнерпаздар бақ сынады?

Барлық сайыскердің өнерін мына жерден көруге болады.

Биыл байқаудың ұраны: Share the joy («Қуанышыңды бөліс!»)! Кешті Ида Новаковска, Александр Сикора және байқаудың былтырғы жеңімпазы Роксана Венгель жүргізді. 

Қазақстан Junior Eurovision байқауына екінші рет қатысты. Былтыр Минскіде еліміз дебютант болған байқауда Данэлия Төлешова бақ сынап, 171 ұпаймен 6-орынды иеленген еді. Ол жанкүйерлердің ең көп дауысына ие болған үш сайыскердің бірі болды. Данэлия Төлешова сахнада 20 сайыскердің арасында үшінші болып өнер көрсетті.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!