Гүлвира Ыбыраева — кейінгі 2 жылда 10 мыңнан астам қыздың арманын орындауға көмектескен диетолог. Оның айтуынша, артық салмаққа түрлі фактордың әсері бар. Негізгі факторлардың бірі — дұрыс тамақтанбау. Дәмді, майлы әрі тез дайындалатын тағамдар күннен күнге көбейіп жатыр. Оған түрлі дәмдеуіш қосылады. Мұндай тағамдардың дәмін көрген адам оны тағы жегісі келіп тұрады. Солай көп салмақ жинайды. Адамның араласатын ортасының азаюы да семіздікке себеп болуы мүмкін.

Стресс, депрессия, әйелдің босанғаннан кейін өзіне-өзі көңіл бөлмеуі мен қажет эмоцияның жетіспеушілігі де — негізгі себептердің бірі. Кей әйел, әсіресе тұрмысқа шыққаннан кейін араласатын адам саны азайып, құрбыларымен емін-еркін әңгіме айта алмаған келіншектер эмоция аштығын тамақ жеу арқылы басады, — дейді диетолог.

Маманның айтуынша, оңай әрі тез арықтаудың тәсілі — вакуум жаттығуы. Бұл жаттығуды дұрыс жасаса, екі аптада нәтижесін анық байқауға болады.

Жаттығудың мәні: мұрынмен ауаны ішке жинап, ішті шар тәрізді қампайту керек. Бұдан кейін ауаны ауыз арқылы барынша сыртқа шығарып, 8-10 секунд бойы демалмай, ішті тарту қажет. Осылай бірнеше рет қайталау керек. Ауа жоқ болған сәтте іш құрылысына массаж жасалады. Жүкті кезде ыдырап кеткен бұлшықетті де қалпына келтіруге болады. Жаттығу дұрыс істелмесе, денсаулыққа кері әсері бар.

Бұл жаттығу:

  • Босанғаннан кейін созылатын іш терісін қалпына келтіреді;
  • Іш құрылысының жұмысын жақсартады;
  • Қыпша бел болуға септігі мол;
  • Тік жүруге көмектеседі.

Вакуум жаттығуын үйрену үшін бір апта уақыт қажет. Тек таңертең, ашқарынға жасау керек. Күндіз жасауға болмайды. Жаттығу арқылы томпайып тұрған іштің бұлшықеті қозғалып, қатайып, артық май ыдырай түседі, — дейді Гүлвира Ыбыраева.

Диетологтың айтуынша, қазіргі таңда арықтау үшін жаттығу жасауға «уақыт жоқ» деген сылтау айтатын қыз-келіншек көп, бірақ ниет болса, кез келген нәрсеге уақыт табылады.

Маман вакуум жаттығуымен бірге тез арықтаудың тағы бірнеше әдісін ұсынып отыр.

Бірінші әдіс — асқазанды күрішпен тазалау. Бір ас қасық күрішке сәл асып тұратындай су құйып, бетін түні бойы жауып қою қажет. Таңертең жартылай піскен күрішті ашқарынға жеу керек. Одан кейін 2-3 сағат ештеңе жемей тұра тұру керек.

Екінші әдіс — асқазанды даршын шайымен тазалау. 200 грамм ыстық суға бір шай қасық даршын ұнтағын қосып, суыған соң екі-үш қасық бал қосу керек. Жартысын таңертең, жартысын кешкі уақытта ішу қажет.

Үшінші әдіс — қарақұмық пен айран диетасы. 200 грамм айранға бір қасық қарақұмық салып, 7-8 сағат қойып қояды. Таңертең және кешке тұтыну керек.

Бұл үш әдістің біреуін бір ай ұстанып, 4-5 келі салмақтан арылуға болады.

View this post on Instagram

Мейрам өтті де кетті… Уақыт ары қарай жылжуда… Ендеше, жалқаулықты артқа қалдырып, арманыңызға қадам жасаңыз! Көктем келді, авитаминоз басталды, түрлі витаминдер ішіп, иммунитетіңізді көтеріп, денедегі артық майларыңыздан арылыңыз! Жазға қарай жеңілденіңіз! Қаншама қыз-келіншектер еш сылтау іздемей, айқара ашық тұрған парақшамды басынан бастап оқып-ақ 10кг-нан астам артық салмақтан арылып жатыр… Ал сіз ше? Кімге еркелеп жатырсыз? Сіздің қатпар-қатпар майларыңыз кімге керек? Кімге міндетсінесіз? Артық салмақтан арылудың оңай жолы жоқ! Тек қана дұрыс тамақтанып жаттығулар жасап еңбектену арқылы ғана арыла аласыз! Дұрыс тамақтанудың 10күндік ас мәзірі парақшамның төменгі жағында, қарапайым үй жағдайында орындалатын жаттығулар #гульвиражаттығу xэштегінде таба аласыз. Бүгіннен қалмаңыз! Бастаңыз! Ойланыыып жүргеннен пайда жоқ! Әрекет етсеңіз нәтижесін көресіз!

A post shared by Гульвира Ибраева (@gulviraibraeva) on

Гүлвира Ыбыраеваның айтуынша, арықтау процесінде жүрген адам плато кезеңін бастан өткереді. Бұл кезең ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Бұл кезеңнен оңай өту үшін күнделікті тұтынып жүрген тағамды, жаттығуды өзгерту қажет. Сонда ғана іш құрылысындағы май ыдырайды.

Гульвира Ибраева, диетолог.
Гульвира Ибраева, диетолог. Фото жеке архивінен

Одан кейін артық салмақ қоспау үшін дұрыс тамақтану керек. Таңғы асқа көмірсуы, ақуызы, майы бар, түскі асқа көмірсу мен ақуызы бар тағамды ішкен дұрыс. Кешкі ас тек ақуызы бар тағамнан тұрғаны абзал. Осы қағиданы ұстанумен бірге ағзаға қажет витаминдерді тұтыну артық майды болдырмайды.

Кальций, аквадетрим, омега-3 витаминдерін арықтау кезінде ішкен пайдалы. Құрамында глюкоза мен хондроитині бар затты қолдану артық болмайды. Адам ағзасына қажет витамин жеткілікті болса, артық салмақтан арылу оңай болады, — дейді диетолог.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!