Басты бетЖаңалықтарАлматыда Қазақстан...

Алматыда Қазақстан медицинасының болашағы талқыланды

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің медицина қызметіне Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы — Совминка, Нұр-Сұлтандағы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің медицина орталығы ауруханасы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы мен сауықтыру кешені, Бурабай курортындағы «Оқ-Жетпес» сауықтыру кешені, Алматы курортындағы «Оқ-Жетпес» сауықтыру кешені, Ресейдегі «Қазақстан» санаторийі, Ыстықкөлдегі «Қазақстан» санаторийі, Қазақстан Республикасы Президентінің медициналық-санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Қарлығаш» балабақшасы кіреді.

Форум қонағы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Совминка ауруханасының жалпы халыққа арналған клиникаға айналғанын айтты.

Бұл жерде отандық медицинаны дамытып, диагностика мен емдеудің ең жақсы әдістерін енгізіп жатқан жаңашыл дәрігерлер жұмыс істейді. Қаланың қарапайым тұрғындарын алдымен медицинаның сапасы толғандырады. Бүгінде біздің медицинаға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қаладағы барлық клиника мен поликлиникаға аудит жүргіздік. Алдағы 3 жылда қаладағы медицина жүйесінің 90%-ін медицина жабдығымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі медициналық көмектің сапасын жүйелі түрде жақсарту мақсатында Совминка ауруханасының ең жақсы тәжірибелерін Алматыдағы барлық медицина мекемелеріне таратылатынын айтты.