Басты бет / Жаңалықтар /
Венесуэла, жер сілкінісі
Фото: Euronews

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза болғандар саны 3 685-ке жетті

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 3 685 адамға жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Венесуэланың Боливар Республикасының ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің мәліметінше, табиғи апаттан 16 740 адам жарақат алып, 17 907 тұрғын баспанасыз қалған.

Жер сілкінісі салдарынан 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 нысан елеулі зақымданған. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында 6 462 адам аман-есен құтқарылды. Ал ауруханалар мен басқа да медициналық мекемелерде 25 970 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар билік өкілдерінің мәліметінше, 86 794 отбасы гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етілген. Зардап шеккен өңірлерге азық-түлік пен қажет заттарды қоса алғанда, жалпы көлемі 9 603 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді.

Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram