Алматы полициясы ІІМ ардагерін мерейтойымен құттықтады

Полиция қызметкерлері Марат Нұғмановқа Алматы полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің құрмет грамотасын тапсырды.

Наурызбай ауданы полиция қызметкерлері ардагердің 32 жыл еңбек өтілі бар екенін айтты.

Марат Нұғманов 1939 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1964 жылы КСРО ІІМ Алматы арнайы орта мектебін, 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, — деп хабарлайды полиция қызметкерлері.

Марат Нұғманов 1974 жылдан бастап түрлі басшылық қызмет атқарды. Ол Алакөл полиция бөлімі бастығының орынбасары, Текелі полиция бөлімі бастығының орынбасары, Талдықорған облысы полиция бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, Алматы ішкі істер департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі болып еңбек етті.

ДереккөзPatrul.kz