«Алматы» телеарнасы 20 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр

Телеарна мерейтойын 23 қарашада «Медеу» мұзайдынында тойлайды. Шарада шоу-бағдарлама ұйымдастырылып, қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді және бағалы сыйлықтар ойнатылады. «Алматы» телеарнасының бас директорының орынбасары Ралида Мұқанова мұзайдынына телеарна журналистері мен тележүргізушілері шығатынын айтты.

Мұзайдынында телеарнаның тату командасы сыйрғанайды. Кез келген адамның әрқайсымызбен жеке танысуға мүмкіндігі бар. Мерейтой мерекелік концертке жалғасады. Концертте «Отти», «Кристалс» секілді qpop жанрындағы топтар дебют алып, Әлішер Кәрімов, Бүркіт, Аиша сияқты әншілер ән шырқайды, — деді Ралида Мұқанова.

Мұзайдынына келушілер мерекелік ұтыс ойынына қатыса алады. Викторина жеңімпаздарына бағалы сыйлық беріледі.

Викторинада қала тарихына, телеарна контенті мен бағдарламасына, арнада көрсетілген танымал сериалдар мен фильмдерге қатысты сұрақтар болады, — деді Ралида Мұқанова.