Роза Рымбаева репертуарындағы белгілі әндер

28 қазан - эстрада әншісі, педагог, Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаеваның туған күні. "Орталық Азия бұлбұлы", "Қазақ примадоннасы", "Қазақстанның алтын дауысы" атанған әнші 62 жасқа толды. Baribar.kz Роза Рымбаева репертуарындағы белгілі әндерді топтастырды.

«Ана туралы баллада»

Әні Жақсыгелді Сейіловтікі, сөзі Аманжол Шамкеновтікі. Роза Рымбаеваның алғаш орындаған әндерінің бірі. Әннің өзін ең әуелі Люция Төлешова орындады. Бүгінде оны Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова сияқты әншілер айтып жүр.

«Әлия»

Композитор Сейдолла Бәйтереков ақын Бәкір Тәжібаевтың өлеңіне 1975 жылы ән жазды. Оны әуелі студент әндерінің конкурсында Нағима Есқалиева айтқан. Ал үлкен сахнада «Әлия» Роза Рымбаеваның орындауында кеңінен танылды. Ол 1977 жылы композицияны «Алтын Орфей» байқауында шырқап, Гран-При иеленді. Кейін Кеңес Одағы телекөрерменінің дауыс беруімен ән «Песня-1977» фестивалінің финалында орындалды.

«Любовь настала»

1979 жылы Орталық телевизия Алматыда «Алма-Ата встречает друзей» телебағдарламасын түсірді. Хабардың музыка редакторы Наталья Гречищева Роза Рымбаева Раймонд Паулстың Роберт Рождественскийдің сөзіне жазылған «Любовь настала» әнін айтуды ұсынады. 20-дан енді асқан қыз кешігіп жеткен махаббат туралы әнді жан-тәнімен сезініп орындады.

Роза Рымбаева сахнада 44 жыл бойы ән айтып келеді. Ол қазақ эстрадасының осы уақыт ішіндегі кәсіби дамуында өзінің үлкен шығармашылық жолын қалыптастырды, орындаушылық өнерді биік деңгейге жеткізді, шәкірт тәрбиелеп келеді. Назарларыңызға халық артисінің репертуарындағы басқа да танымал әндерді ұсынамыз. 

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: Gakku.kz

«Атамекен»

Әні: Жанбота Тұяқбаев, сөзі: Шөмішбай Сариев.

«Цвети, земля моя»

Әні: Павел Ермишев, сөзі: Михаил Суворов.

«Гавань моей любви»

Әні мен сөзі: Талғат Сарыбаев

«Құс жолы»

Әні: Төлеген Мұхамеджанов, сөзі: Ұлықбек Есдәулет.

«Өткен күндер»

Әні: Талғат Сарыбаев, сөзі: Ибрагим Исаев.

«Куә бол»

Әні: Нұрғиса Тілендиев, сөзі: Тұманбай Молдағалиев.

«Шақырады көктем»

Әні: Әсет Бейсеуов, сөзі: Тұманбай Молдағалиев.

«Наурыз думан»

Әні: Талғат Сарыбаев, сөзі: Мұқағали Мақатаев.

«Жаңбырлы түн»

Әні: Сейдолла Бәйтереков, сөзі: Даму Долдаұлы.

«Әдемі-ау»

Әні: Ескендір Хасанғалиев, сөзі: Бәкір Тәжібаев.

«Тентегім»

Әні: Б. Боранов, сөзі: Иран Ғайып.

«Түркістан»

Әні: Сейдолла Бәйтереков, сөзі: Серік Тұрғынбеков.

«Ертеңіме сенемін»

Әні: Еркен Ынтықбаев, сөзі: Иран Ғайып.

«Нұр бейнең»

Әні мен сөзі: Бейбіт Оралұлы.

«Қазақ елі»

Әні: Еркен Ынтықбаев, сөзі: Шөмішбай Сариев.

«Заман-ай»

Әні: Төлеген Мұхамеджанов, сөзі: Ұлықбек Есдәулет.

«Аққу»

Әні: Бақытжан Қажымұқанов, сөзі: Әсия Сәдуақасова.

«Сенімен біргемін»

Әні: Талғат Сарыбаев, сөзі: Иран Ғайып.

«Балдәурен»

Әні: Еркін Слетдинов, сөзі: Шөмішбай Сариев.