Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәліктің жаңа формасы мен үлгісі бекітілді.
Ішкі істер министрінің «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» бұйрығына енген өзгеріс нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Құжат Әділет министрлігінде 2019 жылдың 4 қарашасында тіркелген. Жүргізуші куәлігінің дизайны сәл өзгерген.
Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісінде чип құжаттың келесі бетінде орналасқан. Чипке көлік иесі мен жүргізуші куәлігі иесінің биометрика мәліметін енгізу жоспарланып отыр.
Көлікті тіркеу туралы куәліктің безендірілуі айтарлықтай өзгерген:
Оның да келесі бетінде чип орналасқан, оған автокөлік пен көлік иесінің мәліметі енгізіледі.