Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатының жаңа үлгісі бекітілді

Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәліктің жаңа формасы мен үлгісі бекітілді.

Ішкі істер министрінің «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» бұйрығына енген өзгеріс нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Құжат Әділет министрлігінде 2019 жылдың 4 қарашасында тіркелген. Жүргізуші куәлігінің дизайны сәл өзгерген.

жаңа жүргізуші куәлігі

Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісінде чип құжаттың келесі бетінде орналасқан. Чипке көлік иесі мен жүргізуші куәлігі иесінің биометрика мәліметін енгізу жоспарланып отыр.

жаңа жүргізуші куәлігі

Көлікті тіркеу туралы куәліктің безендірілуі айтарлықтай өзгерген:

көлікті тіркеу куәлігі

Оның да келесі бетінде чип орналасқан, оған автокөлік пен көлік иесінің мәліметі енгізіледі.

көлікті тіркеу куәлігі

ДереккөзTengrinews.kz