12 қарашадағы ауа райы: жауын-шашын болмайды

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі, шығыста жаяу бұрқасын соғады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Ақмола, Қостанай, Солүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күн тұманды болады.

Алматы маңындағы тауларда қар көшуі мүмкін.