Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашын мен суық түсіп, көктайғақ болады. «Қазгидромет» мамандары 9-11 қараша күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Мамандардың болжамына қарағанда демалыс күндері атмосфера фронттарының Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта жылжуына байланысты көп өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.
Атлант жылы ауа массалары батыс бағыттан біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты Қазақстанға Арктика теңіздерінің суық ауа массасы келіп, күн сууына себеп болады, — деп хабарлады синоптиктер.