Алдағы үш тәулік ішінде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстан аумағына тағы да Арктика теңіздерінің суық ауасы келетінін хабарлады.

Ауа райы, қыс, қар, суық, қараша, мысық
Фото: Olgasam009.livejournal.com

Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашын мен суық түсіп, көктайғақ болады. “Қазгидромет” мамандары 9-11 қараша күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың болжамына қарағанда демалыс күндері атмосфера фронттарының Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта жылжуына байланысты көп өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

Атлант жылы ауа массалары батыс бағыттан біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты Қазақстанға Арктика теңіздерінің суық ауа массасы келіп, күн сууына себеп болады, – деп хабарлады синоптиктер.