Арктиканың суығынан демалыс күндері ауа райы қалай өзгереді?

Орал аймағынан Арктиканың суық фронттары келіп, жаңбыр мен жылбысқы қар жауады, ауа температурасы төмендейді.

Қар басқан гүл сәуір
Фото: Poembook.ru

“Қазгидромет” мамандары 13-15 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан Арктиканың суық фронттарының келуімен жауын-шашын – жаңбыр, жылбысқы қар жауып, ауа температурасы төмендейді. Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы қалыптасады. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел соғады, – деп хабарлады гидрометеорологтар.

Сенбі күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады. Тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Ақтөбе облыстарында да жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан  облыстарында күн тұманды болады.

Мамандар 13-15 сәуір күндері еліміздің үш ірі қаласында да күн бұлттанып, жаңбыр жауатынын болжады.

Нұр-Сұлтан 

13 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы: түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.

14 сәуір: көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 9-14 м/с жел соғады, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +3,+5°С, күндіз +17+19°С.

15 сәуір: бұлтты, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 9-14 м/с жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3+5°С болады, ары қарай төмендей бастайды.

Алматы

13 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел соғады. Температура түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С болады.

14 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел соғады. Температура түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С болады.

15 сәуір: көшпелі бұлтты, күндіз кейде жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел соғады. Температура түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С болады.

Шымкент 

13 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Температура түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С болады.

14 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 8-13 м/с жел соғады. Температура түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С болады.

15 сәуір: көшпелі бұлт, кейде жаңбыр. Оңтүстік 8-13 м/с жел соғады. Температура түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С болады.

Демалыс күндері Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!